Сағындым сені, уа, Расулаллаһ!

Сағындым сені, уа, Расулаллаһ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінде «Сағындым сені ия,  Расулаллаһ» атты мәдени іс-шара өтті.

 Рухани кештің басты мақсаты – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігімен сәлемі болсын) өмірбаянынан сыр шертетін мәуліт жырын оқу және өнегелі өмірін насихаттау. Осы жиында Бақытбек Сағымбаев пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігімен сәлемі болсын) өмірі жайлы баяндап, салауат айтудың маңыздылығы турасында уағыз-насихат айтты.

Арнайы мәуліт мерекесіне Мұхамеджан Ассадуллаев келді. Сонымен қатар «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев Құран аяттарымен мәуліт жырын оқып, ақсақалдардың батасын алды.

Ал мерекелік бағдарламаны діни әнмен өрбіткен Сарыкемер ауылы Ю. Гагарин орта мектебінің оқушыларына алғыс хат табыстады. Мешітке келген жамағат ризашылықтарын білдіріп, молданың атқарып жатқан қызметінің жемісті болуын тілеп тарқасты.

Байзақ ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: