Жамбыл облысының бас имамы мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.

Жамбыл облысының бас имамы мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев ҚМДБ-ның Төрағасы, бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды. Аталған алғыс хат Астана қаласында өткен төралқа мәжілісінде табысталды.

«Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татитын 25 жылдық белесінде, соның ішінде діни салада жеткен жетістіктерімізде Сіздің белсенді қызметтеріңіз бен тарихи, ізгі іс-шаралардың қолтаңбасы жатқаны даусыз. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы қажырлы қызметіңіз бен елеулі еңбегіңіз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін. Алла Тағаладан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке тілеймін! Еліміздің, елдігіміздің іргесі берік, болашағы баянды болғай! Әмин!» - деп жазылған алғыс хат мәтінінде.

Жамбыл облысының рухани көшбасшысына мешіт ұжымы атынан құттықтау білдіреміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: