Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде қала, аудан имамдарының қорытынды есебі өтті. Имамдар ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін баяндады. Бақылау-басқару, уағыз-насихат жұмыстары, діни ағартушылық саласы мен теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралары бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесін мешіт имамдары арнайы бейнеролик арқылы ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бір күнге созылған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен облыстық мешіттің қызметкерлері қатысты. Мәжілісте әр сала бойынша сын-ескертпелер мен жетістіктер, ұсыныстар ортаға салынды. Мешіттерді құжаттандыру, газет-журналдарға жазылу, кадр мәселесі, имамдар семинары сынды жайтар да талқыланды.
Дін қызметкерлерінің жұмыстарының есебін тыңдаған өкіл имам баршаға табыс тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.










14 Наурыз 2026
25 Рамадан 1447

