ҚМДБ түзету колонияларындағы мәселені шешу жолын талқылады.

ҚМДБ түзету колонияларындағы мәселені шешу жолын талқылады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Түзету колонияларында террористік және діни экстремистік идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар» тақырыбында ҚР Бас Прокуратура, ҰҚҚ, ІМ ҚАЖК, ДІ және АҚ Министрі, Ақниет ҚБ, ҚМДБ-ның басшылық және жауапты қызметкерлерінің қатысуымен қызметтік кездесу өтті.  

Бас қосуда түзету колонияларына байланысты мәселелердің шығуы мен оның алдын алу шаралары қаралды.

Іс-шараға өңірімізден ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен «Бегалы ата» мешітінің бас имамы Таңат Тілманбетов барып қайтты.

Мәжілісте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров сөз сөйлеп, мәселені шешу жолы ретінде өз ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар террористік және діни экстремистік әрекетке қатысты тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері және олармен байланыс орнату тәсілдерін түсіндіріп психолог-маман Л.Сергеева трениг жүргізсе, Бас мүфти кеңесшісі Қ.Раев, ДІ және АҚ Министрлігінің басшылық құрамының өкілі және ҚР ІІМ ҚАЖҚ-нің қызметкері Д.Абраев, ДІ және АҚ Министрлігінің басқарма бастығы Б.Мырзаев, ДІК-нің ғылыми зерттеу және талдау орталығының қызметкері М.Муслимов, Ақниет орталығының директоры Ә.Шуметов, ОҚО-ның найб имамы Е.Қарақұлов, Қостанай облысының өкіл имамы Б.Тәжімбет, Е.Оңғаров баяндама жасады.

 Қазақстанның әр облысынан жиналған дін өкілдері өз ұсыныстарын ортаға салып, аталған жиында талқылады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: