Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Жастар-зерттеру» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни терроризм мен экстремизм: қарсы тұру әдістері және басқару технологиялары» атты облыстық семинар-практикум өтті. Жиынға Тараз қаласы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, прокуратура өкілдері, дінтанушылар, діни қызметкерлер, психологтар, мен БАҚ өкілдері қатысты.
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетов, Облыс прокуратурасының 1-ші басқармасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры Д.Байтеміров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы жастар ісі бойынша өкілі, Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Е.Аманбаев, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы Р.Уразбайұлы, Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы А.Құлынбетов сөз сөйледі.
Аталған семинарда «Діни экстремизм мен терроризмның қаупіне қарсы тұру мәселелері», «Ислам – татулық діні, «Діни экстремизм идеяларын насихаттау мақсаты және әдістері, оның қазақстандық қоғамға қауіптілігі», «Қазіргі заманғы радикалды экстремистік қозғалыстар мен діни радикализмнің себептері» тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Қоғамдағы өзекті мәселелер ортаға салынып, түйіткілдің түйіні тарқатылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.