Биыл қыс ерте түсіп, шалғай ауылдарда қаражаттан қысылған отбасылар отын-суын жинап үлгермеуде. Кейбір бала-шағасы көп жанұялар мен мүгедек баққан шаңырақтар сықырлаған аязда уақытша ағаш жағып жылынуға кіріскен-ді.
Әрбір істің өз уақытында атқарылғаны жақсы дегендей, Тараз қалалық «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлының ұйытқы болуымен, демеушілердің көмегімен Тараз қаласына 140 тонна сапалы көмір түсіріліп, 2 тоннадан шамамен 70 отбасыға тегін таратылды.
Сонымен қатар Шу қаласындағы мұқтаж жандарға көмірдің 2 вагоны үлестіріліп, осы іске демеушілік көрсеткен "БЕРЕКЕ" қоғамдық қорына алғыс білдірілді.
"Әулие-ата "мешітінің баспасөз қызметі.