Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Тараз жұртшылығымен жүздесті

Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Тараз жұртшылығымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Көненің көзі, жасыл қаланың өзі болған Тараз шаһары РАНТ мүшесі, ҚМДБ-ның шариғат бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлын қарсы алды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың ұйытқы болуымен алыстан ат артып келген білікті ұстаз «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен және ұстаздарымен жүздесіп, ғибратқа толы өнегелі сөзін жеткізді. Сондай-ақ студенттермен білімнің маңыздылығы, имани тұлғаның келбеті, ғұламалардан қалған үлгі, дін иелерінің сара жолы жайлы тілдесті.

Ал жұма намазында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Адамың өз-өзіне қол жұмсауы – үлкен күнә екенін еркертіп, тілге тиек етіп өткен Бауыржан Әлиұлы көпшіліктің сан сауалына жауап берді.

Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін маманы мемлекет қызметкерлерімен кездесіп, көкірек көзге біраз мағұлмат тоқытты.   

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: