Қордай имамдары жыл қорытындысын жасады

Қордай имамдары жыл қорытындысын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша қызмет атқарып жатқан имам-молдалар үстіміздегі жылы атқарылған іс-шараларды қорытындылауға, алдағы бағыт-бағдарды анықтауға кезекті жиналыста бас қосты.

 Жиынға аудан имамы Д.Қасымалиев төрағалық етті. Жаңа тағайындалған ауданның бас имамы әр имам-молдамен жеке танысып, ауыл-аймақтағы ахуалды сұрастырды.

 Дастан Жақсымбетұлы көтерген мәселенің бірі – дін қызметкерлерінің имам деген жоғары атаққа сай қызмет атқаруы, ҚМДБ тарапынан келген тапсырмаларлы сапалы және уақытылы орындауы болды.

 Найб имам Д.Жандосұлы мешіттердің салық басқармасы, т.б с.с мемлекеттік мекемелер алдында есептерді уақытылы тапсыру, мешіттердің мемлекет қазынасы берешектерін болдырмау мәселесін көтерді. Жыл бойы  еңбек еткен имамдарға алғыс айтылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: