Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының филиалы Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде жыл басынан бері біршама игі істер қолға алынды.
Соның бірі – ата-баба жолын ұстана отырып «Жәми» мешітінің ауласына 10 түп қарағай және 5 түп шырша ағаштары егілді. Осындай игілікті іс-шараға 300 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетіп, өз есімдерін жарияламауын өтінген, қайырымдылыққа мұрындық болған, қолы ашық азаматтарымызға қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы мешіт жамағатының және өз атынан алғысын білдіріп, отбасына амандық, кәсібіне береке сұрап, жұма намазында ақ батасын берді.
Қолы ашықтың жолы ашық дегендей, Жаратушы иеміз елімізде қолы ашық, аптал азаматтарымыздың қатарын көбейіткей!
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі