Бір күндегі қос кездесуде не қаралды?

Бір күндегі қос кездесуде не қаралды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бір күнде қос кездесу

Ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс барысында найб имам Дәуренбек Жандосұлы және ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Бірімқұлов аудандық жұмыспен қамту орталығы ұжымымен  дін тақырыбанда әңгіме өрбітті. Кездесудің мақсаты – сала қызметкерлерінің  діни сауатын ашу, халық арасында ислам дінін насихаттау, секталардан сақтау.

Кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы еліміздегі орын алған діни ахуал жайлы әңгіме қозғай отырып, жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауды баса айтты. Атадан мұра болып қалған асыл дініміздің ерекше құндылықтарын насихаттады. Мекеме ұжымына «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты еңбек таныстырылды. Кездесу барысында найб  имам қызметкерлер қойған сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген күпті жайттардың бетін ашып берді. 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: