Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығына сәйкес, Шу ауданы Төле би орталық мешітіне қарасты Көктөбе ауылы «Рақыш ата» мешітіне Ақпанов Ерғазы Өмірханұлы имам болып тағайындалды.
Шу ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы Көктөбе ауылының жамағатына жаңа тағайындалған имамды таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.
Алла Тағала Құранда: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін үмбеттердің қайырлысы болып жіберілдіңдер» Әл-Имран сүресі 110 аят.
Мейрімді Алла тағаланың дінін қарапайым адамдарға көркем түрде жеткізу және Исламның құндылықтарын насихаттау, әрбір имам-модалардың міндеті. Қазіргі қоғамымыздағы діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және рухани тұтастықты сақтауда имамның рөлі зор екендігін бәрімізге мәлім. Сол себепті заманның талабына сай жаңа тағайындалған имам «Нұр-Мүбәрак» университетінің түлегі Ерғазы Өмірханұлына имамдық қызметіне сәттілік тілеп, жиналған жамағатқа ақсақалдар батасын берді.
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі