Мойынқұм аудандық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Әмірейеев жамағатты Мойынқұмның бас имамы болып сайланған Ерлан Бөлегеновпен және ҚМДБ-ның бұйрығымен таныстырды.
Сонымен қатар Бахтияр Әміреев жұма уағызын жүргіпі, халықтың сан сауалына жауап берді. Имам жат ағымның алдын алудың алғы шарттары, олардың қоғамдағы зияны жайын тиек етті.
Жұмаға жиылған халық ел ішіне іріткі салған ағымдарға заңмен тыйым салыну туралы ұсыныс білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.