Дәстүрлі дін мен жат ағым мәселесі талқыланды.

Дәстүрлі дін мен жат ағым мәселесі талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Байзақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахан Махамбетовтың ұйымдастыруымен  Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Сәуірбай Дінмұхаммед Серікқалиұлы қатысуымен «Діни тұрақтылықты сақтау» мен конфессияаралық келісімді нығайтуда және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда дін саласындағы аудандық, ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтың мүшелері, ауылдық округ имамдары, мектеп директорларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәнінің ұстаздары және Байзақ ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің нұсқаушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен  «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында Байзақ ауданы Сарыкемер орта мектебінде кездесу өтті.

Кездесуде сөз алған  Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Сәуірбай Дінмұхаммед Серікқалиұлы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Еділбаев Асылбек «Діни саттылық – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында баяндама оқыса,  Жамбыл облысы бойынша ҰҚК аудандық бөлімшесінің қызметкері Б.Мамырбаев жалпы ауданғы жұмыс жүргізу бағыты туралы баяндама оқып,  «Байзақ баба» мешітің бас имамы Р.Азизов ауданның діни ахуалы туралы айтып жиналған көпшіліктің сұрағына жауап берді. 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: