Ізгілік йірімдері

Ізгілік йірімдері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұжымы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен бағыттардың бірі және діннің негізгі көрінісі-қайырымдылық шараларын атқаруға ерекше ден қоюда.

Оның айғағы бүгінгі күні тағы бір қайырымдылық шарасы өтті. Қыс мезгілі алдында аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен және «Құл Қожа Ахмет Яссауи парасат және білім» қайырымдылық қорының демеушілігімен 46 асыраушысынан айырылған отбасына әр қайсысына 61 000 теңгеден қаржылай көмек үлестіріліп, жалпы қайырымдылық іс-шара барысында 2 806 000 теңге қаражат таратылды. Көмек тарату барысында Қордай ауданы бас имамы міндетін уақытша атқарушы Д.Жандосұлы  көмек алушы азаматтарға науқанның  мақсаты мен мүддесі жайлы түсіндіріп, кең көлемді уағыз айтты. Ата-аналар өз тараптарынан қор және мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын жаудырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: