Әйелдер жамағаты тарихтан сыр шертті.

Әйелдер жамағаты тарихтан сыр шертті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Кеңесхан қажы» мешітінде әйелдер арасында рухани кездесу өтті. Жиынға Кеңесхан қажының жұбайы Маржан әжей, ұстаздар мен шәкірттер, тарихшы және әдебиеттанушы мамандар қатысты.

Жібек ұстаз әйелдер жамағатына қыз баланың тәрбиесі турасында өнегелі уағыз айтса, Жамбыл облыстық Өлкетану мұражайының маманы, тарихшы Жамал Ақпан «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің дамуы» тақырыбында баяндама жасады.

Жүздесу жайылған ақ дастархандағы бас қосумен жалғасын тапты. Ардақты әжелер өз бастарынан өткен ғибратты оқиғаларын баяндап, жастарға үлгілі сөз айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: