АТТ мүшелері студенттермен кездесті

АТТ мүшелері студенттермен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дінімізді дұрыс түсіндіру, оның құндылықтарын әрбір қоғам мүшесіне жеткізе білу күн тақырыбынан түспейтін  маңызды мәселе. Осы бағыттағы жұмыс барысында аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Жиын барысында найб имам Д.Жандосұлы  жастарға Отан алдындағы азаматтық міндет – білім алып, ғылым меңгеру екендігін айтып, қоғам құндылықтарын құрметтеуге шақырды.

Сонымен қатар, дәстүрлі дінімізге, салт-санамызға қайшы келетін жат ағымдар жайында маңызды мәліметтерімен бөлісті. Студенттер өз тарапынан АТТ мүшелеріне сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: