Сауаттылық - заман талабы

Сауаттылық - заман талабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың қатысуымен  №1 орта мектепте  «Діни ағымдардың алдын алу» атты кездесу өтті.

Кездесу барысында аудан имамы Сұлтаншәріп қажы қоғамдағы керағар діни ағымдардың сыртқы бейнесі мен іс-әрекеттерін атап өтіп, жастарға діни ағымдардан сақ болу керек екендігін ескертті.

Уақыт талабы білімді, білікті болуды талап ететіндігіне тоқталып, діни сұрақтарға жауаптарды ҚМДБ-ның muftyat.kz және hibatulla.kz сайттарынан керекті мағлұматтар алуға болатындығын тілге тиек етті. Оқушылар тарапынан  қойылған сұрақтарға бас имам толығымен жауап берді.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: