«Һибатулла Тарази» мешіті ұжымының қатарына жаңа найб имам қосылды. Аталған қызметке «Нұр Мүбарак» Мысыр ислам университетінің түлегі, Исламтанушы Бахтияр Әміреев тағайындалды.
Дін маманы арнайы «Нұр Мүбарак» университеті жанынан ашылған «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында мамандарды қайта даярлау» институтын тамамдаған. Сондай-ақ, ол Тараз қаласындағы «Бегалы ата» мешітінде ұстаз, «Тектұрмас» мешітінде бас имам қызметін атқарғанын айта кетейік.
Халықты өзіне ұйытып, Алланың хақ жолына бастайтын имамдық қызметтің қоғамдағы рөлі айрықша. Пайғамбарымыздың: «Имам – басшы әрі қарамағындағы адамдарға жауапты», – деген хадисі дін қызметкеріне зор жауапкершілік жүктейді.
Ал осы жауапты қызметке келген Бахтияр Әміреевке мешіт ұжымы атынан зор табыс тібейміз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.