"Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Таңат Тілманбетов пен проваслав шіркеуінің епископы жаңа ашылған әуежай жанында орналасқан әскери бөлімшенің қызметкерлерімен кездесіп қайтты.
Экстремизм мен терроризм тақырыбында сөз қозғалып, жат ағымдардың зияны мен дәстүрлі дініміз тілге тиек болды. Сонымен қатар суицид мәселесі көтеріліп, әскерилердің бірқатар сауалдарына жауаптар берілді.
Имам өз-өзіне қол салудың үлкен күнә екенін жеткізіп, оның ақыреттегі жазасы жайлы баяндады. "Ел намысын биік ұстап, Отан қорғауда - иманның рөлі зор," - дейді ол.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.