Ауыл береке саудагерлері дін маманымен сұхбаттасты

Ауыл береке саудагерлері дін маманымен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев пен «Жамбыл облыстық еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Серікбол Берікқожа халық қарасы көп жиналатын ірі сауда орталығы «Ауыл береке» базарында көшбасшы саудагерлермен кездесу өткізді.

Жиында имам жат ағымдардың зардабы, дәстүрлі ата дініміздің құндылықтары жайлы тілге тиек етті. Іс-шарада экстремизм мен терроризмнің саяси тұзақ екені ескертіле отырып, діні мен салт дәстүрі сіңіскен ұлттық әдебіміз туралы да айтылды.

Сонымен қатар жүздесуге бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері де келіп қатысқан болатын. Көпшіліктен туындаған сұрақтар мамандардың дәйекті жауаптарымен орнын тапты.

Найб имам саудагерлерге табысты еңбек пен адал кәсіп тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: