ТарМПИ жастары тәрбие жайын талқылады.

ТарМПИ жастары тәрбие жайын талқылады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінде имани жүздесу өтті. Жастармен мен өткен жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бойынша өкілі Ержан Аманбаев пен «Жамбыл облыстық еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Серікбол Берікқожа қатысты.

 Іс-шарада ұлттық тәрбие мен діни сауаттылық, имандылық пен әдеп, иба жайы ортаға салынды. Кездесу қонақтары қоғамдағы әртүрлі жайттар мен дәстүрлі қазақи тәрбиенің өзектіліктеріне тоқталып өтті.

Студенттер дін өкіліне өздерін мазалаған сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын ала алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: