Діни сауатты ұрпақ – келешегіміздің тұтқасы.

Діни сауатты ұрпақ – келешегіміздің тұтқасы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы ірі білім ордасы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Дінаралық келісім» тақырыбында имани жүздесу өтті. Іс-шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Таңат Тілманбетов арнайы барып қайтты.

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері мен ұстаздары қатысқан жиында найб имам дін, мұсылманшылық, ұлттық тәрбие, татулық пен бірлік жайын сөз етті. Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, сан қилы сауалдарына дәлелді де, дәйекті жауаптар алды.

Әртүрлі көзқараспен тартысты өткен кездесу жастардың ынтымағын арттырған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: