Әйелдер жамағаты үшін ай сайын уағыз жүргізіледі.

Әйелдер жамағаты үшін ай сайын уағыз жүргізіледі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдында хабарлағандай «Һибатулла Тарази» мешітінің әйелдер намазханасында нәзік жандыларға арналған уағыз-насихат өтті. Дәрісті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар секторының өкілі, білікті ұстаз Зейнеп Үсенова жүргізді.

Жиынға жастар, аналар мен әжелер қатысты. Сонымен қатар іс-шарада Дін проблемаларын зерттеу орталығының директорының орынбасары Альбина Құрманбекқызы мен БАҚ өкілдері де болды. 

Қазіргі қоғамдағы басты мәселелердің біріне айналған экстремизм, терроризм, жат ағым мен дәстүрлі дініміздің құндылықтары, тәрбие тақырыптары ортаға салынды. Ұстаз Зейнеп Үсенова: «Экстремизм мен терроризм – Исламға мүлдем қайшы. Ол – жаһандағы саяси дүние, ел билеуге қатысты тұзақ. Қазақ халқы дінді дәстүрге сіңдірген ел. «Бөлінгенді бөрі жейді,» деп дана бабаларымыз тауып айтқан. Бөлініп, дәстүрлі дінімізден ажырап қалаудан сақтанайық,» - дейді өз сөзінде.

Аталған кездесуден алдын Ақтөбеде бір айлық іс-сапарда болып қайтқан дін маманы өз тәжірибесінен көріп, білгендерімен бөлісіп, қазақылық, садақа, әдеп-иба турасына да тоқталып өтті. Тарихтан мысалдар келтіріп, бүгінгі мен өткенді саралап әйелдер жамағатын тату болуға, бірлікке шақырды.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: