Тараз қаласында орналасқан «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз қажы Баймаханов арнайы қарттар үйіне барып, уағыз-насихат жасады.
Өз перзенттері балалардың қамқорынсыз жатқан қарттарға арнайы демеушілер есебінен 150 адамға дастархан жасалып, дәм әзірленді. Имам көңілдері қамыққан қарияларға уағыз-насихат айтып сабырлыққа шақырды.
Ол кісілер дастархан жайып, көңіл бөлген мешіт қызметкерлеріне разылықтарын білдірді. Қариялар өздеріне қазіргі таңда мемлекет қызметкерлері жақсы қарап жатқандарын тілге тиек етті. Алайда тек бір ғана балаларының жылы қабақ танытуларымен немерелерінің қасында болсақ деген лебіздерін білдірді.
Екі дүниенің бақытын ойласақ, дұғаларымыздың қабыл болуын қаласақ жақындарымызбен жақсы қатынаста болайық. Бүгін бар, ертең жоқ өмір. Демек, бүгін ренжіткен ағайынға ертең зар боп мәңгілікке айрырылып қалуымыз мүмкін ғой.
Алла елімізді аман, жұртымызды тыныш қылсын!
«Әулие ата» мешіті