Болашақтың тірегі – иманды жастар.

Болашақтың тірегі – иманды жастар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұқтаждарға, халыққа көмек көрсетіп, қоғамда жақсылық, қайырымдылық пен жомарттықты арттыруды мақсат еткен белсенді де иманды жастардан құралған Тараз қалалық ҚМДБ жастары мен ҚМДБ қыздар секторы қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетіп келеді. Апта сайын жәрмеңке жасап, түрлі науқандарды ұйымдастырып жүрген бұл топтың алға қойған жоспары зор.

Мешіт қызметкерлерінің қолдауымен иманды жастардың басын құраған топ «Һибатулла Тарази» жастары болып қайырымдылық іс-шараларына жұмыла атсалысып келеді.

Бүгінде олар немерелі қария әжейге көмек көрсетіп, көңілін көтерсе, жеті баласың жалғызбасты анасы атанған Зухра әпкейге жәрдем беруде. Бір ғана тар бөлмеде 7 баланы асырап отырған науқас ананың жағдайы мүшкіл. Жастар азық-түлік, киім-кешекпен қолғабыс етіп, ендігі имамдармен ақылдаса отырып, ем шараларын қарастырып жатыр.

Ардақты ана бұл қамқорлыққа шын алғысын айтып, разылығын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: