Жыл сайынғы үрдіс бойынша «Һибатулла Тарази» мешітінде мешіт қызметкерлерінің (имам, молдалар, азаншы, ұстаздар) біліктілігін арттыру мақсатында бір айлық семинар ұйымдастырылды. Аталған дәріске бір ай ішінде 297 қызметкер қатысады. Олар арнайы жоспар бойынша 5 топқа бөлінген. 65 имамнан тұратын әр топқа 3 күндік семинар өткізіледі.
Медресе ұстаздары дін қызметкерлеріне Құран, фиқһ, ақида, ахлақ, ислам тарихы, Қазақстан Республикасы: дін және саясат пәндері бойынша сабақ жүргізеді.
Бүгінде семинардың бірінші легі аяқталып, имамдарға сертификат табысталды. Салтанатты жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев діни білімнің артықшылығы мен ең үлкен байлық екендігін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.