ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Даняир қажы Жұмабаев Тараз қаласының мешіттерін аралады. Қаладағы ең көне, тарихи мешіттерге соғып, олардың хал-ахуалын, тазалығы мен жағдайын біліп қайтты.
Тексеріс барысында бір ғасырлық тарихы бар «Әулие ата» мешіне бірқатар ескертулер жасалды. 1887 жылдан бері жұмыс жасап келген «Нәметбай» мешітіне ғибадат бөлмелері қосылып, жоспар бойынша мешітке кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Аталған мешіттің құжаттары ретке келтірілуде. Бас имам осы құрылыс барысымен, сонымен қатар толықтай қайта жөндеуден өтіп жатқан «Шейх Зуннун» мешітінің жағдайымен танысты.
«Рахман-рахим» мешітінде жамағаттың көптігіне байланысты ғимараттың жанынан тағы бір мешіт бой көтеруде. Мешітке сыймай жүрген жергілікті тұрғындар енді жаңа ғибадат орны үшін қуанышты.
Ал «Әдбіқадір» мешітіне қатаң сын-ескертулер айтылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.