Дәстүрлі дін дәріптелді

Дәстүрлі дін дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кезекті кездесу аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлының қатысуымен «Береке» гуманитарлық-экономикалық колледжінде  өтті. Студенттерімен кездесу барысында найб имам «Мұсылман адам қандай болу керек?» атты тақырыпта насихат айтып, сұхбат барысында Алла құзырында өтірік, өсек, ғайбат айту, ішімдік ішу, ата-анаға қарсы келу сынды үлкен күнә болып табылатын жаман әдетер жайында кеңінен тоқталып өтті. Дәстүрімізден мысалдар келтіріп, дін мен дәстүрдің сабақтастығын көрсетіп берді Д.Жандосұлы.

Білім алу, ғылым игеру мұсылман баласына жат емес, керісінше тән дүниелер екендігін айта келе наиб имам өз дәуірінде қазіргі барша ғылым саласының іргетасын қалап кеткен осы мұсылман өркениетінің өкілдері, ислам әлемінің ғалымдары деп, жас буынның санасына бабалардан жеткен мұралар жайлы мазмұнды мағыналы ой тастады. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: