Аудандық «Қордай» мешіті демеушілердің көмегімен үнемі қайырымдылық шарасын жалғастырып келеді. Осындай үрдіске айналған сауапты істің жалғасы ретінде жалғыз басты, мұқтаж, қарт анаға арналған қайырымдылық шарасы жасалды. Қайырымдылық шарасы барысында қарт ананың үйіне 50 кг ұн, 5 кг қант, 5 кг күріш, 5 кг макарон, 5 кг ет, 3 литр сұйық май, шәй және тәттілерден құралған азық-түлік қабшығы сыйға тартылды.
Найб имам Д.Жандосұлы қарт анаға алдағы уақытта да қарайласуға әрекет жасайтындарын және бір Алладан үміт үзбеуге шақырды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі