«Һибатулла Тарази» мешітінде күнделікті ақшам мен құптан намазының арасында уағыз-насихат жүргізілуде. Мешіт имамдары мен ұстаздары халық арасында сұрақ тудырып жүрген, иманға күш сыйлайтын әсерлі тақырыптарда дәріс береді.
Алла тағала құранда: «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді», - деген. (әз-Зарият сүресі, 55 - аят)
Намаз арасындағы аз ғана уақытта сіз де кез келген сауалыңызға жауап алып, рухани насихат тыңдай аласыз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.