«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалында қариялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек барып қайтты.
Кездесуде қоғамның үрейін тудырып, ел арасына іріткі салып жүрген жат ағым, экстремизм мен терроризм жайы сөз болды. Жиынға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, оның алдын алу жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесуге қатысқан ардагер ақын, жазушы, ақсақалдар дәстүрлі дініміздің құндылықтарын, қазіргі жастардың тәрбиесін талқылады. Найб имам тәрбиенің негізі нысаны мен діни құндылықтарды баяндады. Ел қамын ойлаған қарттардың жиыны қызу талқылаумен өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.