Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаев және Жастар орталығының ұйымдастыруымен Мойынқұм колледжінің студенттерімен және мұғалімдерімен кездесті. Кездесу барысында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ»тақырыбында және одан сақтану шаралары кеңінен түсіндірілді.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Колледж мұғалімдері мен студенттері сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Мойынқұм аудандық мешіті