Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Алмас Қалдыбекұлы, ішкі саят бөлімінің басшысы М.Көшкінбаев, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев Мойынқұм аудандық мешітінде, аудандық салық басқармасында, аудандық кітапханада, аудандық ауруханада, ауыл әкімшілігінде болып қайтты.
Дәріс барысында қоғамды алаңдатып отырған терроризм мен экстремизм, сәләфизм ағымына қарсы күрестің бүгінгі жай күйіне кеңінен тоқталды.
Дәріс, сұрақ-жауап форматында өткізілген жиынға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып , оған тұщымды жауап алды.
Мойынқұм мешіті