Екі бірдей мешітке жаңа имам тағайындалды.

Екі бірдей мешітке жаңа имам тағайындалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Халықты өзіне ұйытып, бірлік пен татулыққа бастайтын имамдық қызметтің қоғамда атқарар орны ерекше. Бүгінгі таңда жоғары білімді дін мамандары көбейіп келеді. Діни қызметтің сапасын жақсарту мақсатында мешіт имамдарының қызмет орындары ауыстырылып, алмастырылып отырады.

Жақында Бас мүфтидің бұйрығы бойынша Жуалы ауданының бас имамы қызметіне жаңа қызметкер тағайындалды. Аталған мешітке «Нұр Мүбарак» Мысыр Ислам университетінің түлегі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бұрынғы найб имамы қызметін атқарған Еркебұлан Нарымбетовті сайлады. Ал осы қызметте біраз уақыт қызмет еткен, білікті де тәжірибелі имам Алмас Кенжемолдаев Тараз қаласында орналасқан «Тектұрмас» мешітіне имамдық қызметке ауыстырылды.

Екі мешітке де ат басын бұрып жамағатты бұйрықпен таныстыруға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев барып қайтты. Дін қызметкерлеріне жұмыста табыс, сәттілік тілеп, жамағатпен таныстырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: