Ауданға қарасты Кеңес ауылының округінде тұрғылықты халықтың демеушілігімен қаражат жиналып жаңа мешіт салынды. Ашылу салтанатын аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым, ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев, мекеме басшылары барып, ауыл халқымен бірлесе тамашалады.
Мешітке Алланың көркем есім сипаттарының бірі "Ар-Раззақ" яғни ризық беруші аты қойылды.
Жиналған жұртшылық алдында аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым және бас имам Батырбек қажы құттықтау сөздерін жеткізіп, баталарын беріп, соңында мерекелік дастархан жайылып, ас барілді.