Аудандық әкімшіліктің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің, «Жастар ресурстық орталығы» КҚМ және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудан орталығында орналасқан № 1 және № 2 орта мектеп оқушыларымен қос бірдей кездесулер өтті. Кездесуге мешіт тарапынан найб имам, дінтану магистрі Д.Жандосұлы қатысты. Басқосуларда Д.Жандосұлы тәрбиелік маңызы зор уағыз-насихаттар айтып, жастарды толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, жиында жастарды жат ағымдардан сақтандыру, рухани тұрақтылықты сақтау мәселелері де кеңінен әңгімеленді.
Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі түрлі діни ағымдардың өскелең ұрпаққа кері әсері туралы ақпарат беріп, жастардың сенімсіз, күмәнді діни ағымдардан аулақ болудың жолдарын түсіндіру. Осы мақсатта түрлі бейнероликтер көрсетіліп, арнайы бүктемелер таратылды. Өткізілген кездесуде мұғалімдер көмегімен оқушылардан мазмұндама алынды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі