Әлемдердің жаратушысы Алла өз құлдарын түрлі сынақтар арқылы шыңдайтыны белгілі. Біреу сол сынға сабыр етіп жатса, біреу өкінішке орай сүрініп жатады. Балалық шағынан ДЦП сырқатына ұшырап, апа-атасының қолында тәрбиеленіп жүрген Анар қарындасымыз да сол сынға сабыр еткендерден.
Дертіне мойымастан, жалғанның қуанышына шаттана біліп, колледжге оқуға түсіп, үздік оқып жатқан да сол Анар қарындасымыз. Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастырумен ата-апасының қолында тәрбиеленіп отырған Анар қарындасымызға 45 000 теңге көлеменде көмек көрсетілді. Найб имам Д.Жандосұлы барша ізгіліктерді тілеп, көмекті табыс етті.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі