Қарты бардың – қазынасы бар

Қарты бардың – қазынасы бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше құрметке лайық.

Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Шу аудандық «Төле би» мешітінде және ауданға қарасты ауылдық мешіттерде қарттарға арналған көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, жалғыз және аз қамтылған, мүгедек және қарт кісілерге мешіттерде дастархандар жайылып, ас таратылды. Сонымен қатар үйлеріне барып «Қарттар күнімен» құттықтап азын-аулақ сыйлықтар тасбыс етілді.

Осындай игі іс-шараға мәз-мейрам болған қарияларымыз шынайы ризашылықтарын білдіріп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың аман болуын тілеп баталарын берді.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: