Жамбыл облыстық ақпараттық насихат топ мүшелері «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Сматов Шу қаласындағы жамағатпен жүздесті. Шу қаласындағы «Жәми» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жұртшылығына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның имамдар алдына қойған төрт бағыттың бірі уағыз-насихат және теріс ағымдармен күрес мақсатында келегендігін айтып, қазіргі таңда елімізде төбесі көрініп жүрген діни ағымдардан, оның ішінде радикал топтардан сақтанудың жолдарын айтып өтті.
Тәуелсіз еліміздің болашағы, ең басты байлығымыз ол – халық арасындағы тыныштықты сақтау, бірлік пен ынтымақты күшейту екенін жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі