Ақиқаттың өзегі болған асыл дінімізге күйе жағып, атын жамылып, ел ішіне іріткі салған жат ағымдардың бүгінде етек жайғаны баршаға аян. Сол себепті, дәстүрлі дініміз бен ағымдардың таудай айырмашылығы мен діни құндылықтарымызды халыққа жеткізуде имамдардың атқарар ролі ерекше. Мешіт имамдары қоғамымыздағы әртүрлі мекемелерде кездесулер өткізіп, халықты бөлінбеуге, радикалды ағымдарды ажырата білуге, ұлттық тәрбиемізге берік болуға шақырып келеді.
Осындай жиындардың тағы бірнешесіне «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жаппек қатысып қайтты. Имам Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жастармен, Медицина колледжінде студенттермен, №35 мектепте оқушылармен жүздесті.
Іс-шарада жат ағымдардың қоғамға әсері, одан аулақ болудың жолдары, көркем дініміздің тәрбиесі, имандылық жайы ортаға салынды. Сонымен қатар жастар өздерін мазалаған түрлі сауалдарына мардымды жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Медицина колледжі
№35 орта мектеп