Адами қасиеттердің ең қадірлісі –қайырымдылық. Ал оны жасау – үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.
Бүгін Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың ұйымдастыруымен (бір қой сойылып) аудандағы үш қарияға арнап ет үлестірілді. Мұндай ізгі шараға разы болған қариялар алғыстарын айтып, батасын берді.
Ә.Сүйіндік