Шу аудандық «Төле би» мешітінде ауданға қарасты ауыл молдаларымен жиын өтті.
Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларының ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстарының есебін тыңдап, ҚМДБ-дан жаңа келіп түскен тапсырмаларымен таныстырып, төменгідей бір қатар жұмыстарды тапсырды:
-ҚМДБ-ның жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына, екі айлық оқуға баратын ауыл молдаларының тізімін бекітіп, молдалардың оқуға баруларын жүктеді;
-Тараз қаласындағы «Һибатулла-Тарази» мешітініндегі 31.10.-23.11.2016ж. аралығындағы өтетін семинарға қатысушылар тізімін бекітіп, ауыл молдаларының семинарға қатысуларын жүктеді;
-Жыл сайынғы «Ислам өркениеті» газеті мен «Иман» журналына ауылдардың жазылуын жүктеді;
-Қазан айының 24-не дейінгі тапсырылған «Қарттар күніне» қатысты іс-шараларды ары қарай жалғастыруларын тапсырды.
Сонымен қатар молдалардың міндетіндегі басқа да жұмыстардың өз деңгейінде уақытылы орындауларын қадағалап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі







14 Наурыз 2026
25 Рамадан 1447

