«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Қарттардың қоғамдағы елеулі орнын ескере отырып, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен «Қарттарымыз – қазынамыз» атты қайырымдылық шарасы өтті. Науқан аясында қарияларға арнап арнайы ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев, қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов және мешіт қызметкерлері қатысқан отырыста 15 ақсақалға азық-түлік жеткізілді. Имамдар әсерлі уағызын жеткізсе, талапты жастар діни термесін төкпеледі.
Қарттардың басын қосып, көңілдеріне қуаныш сыйлаған іс-шара үшін ақсақалдар разылығын айтып, бата берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.