Рухани келісім – бейбітшілік тірегі

Рухани келісім – бейбітшілік тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Татулық бар жерде береке жүретінін тарих әлдеқашан дәлелдеген. Осы орайда татулық, достық, жақсылық, ізгілік, мейрімділік сыңды ізгі қасиеттерді ұлықтауда «Біз бір елміз, бір тұтас халықпыз» деп айту әбден орынды.

Шу аудандық әкімшілік ішкі саясат қызметкерлерінің және аудандық «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен 18 қазан «Рухани келісім күні» мерекесіне орай, Шу аудандық кітапханасында өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізілді.

Жиынға ауданының найб имамы Талғат Кәрібайұлы, аудандық ішкі саясат қызметкерлері Медет Нұрғазыұлы, Мырзабек Жұмабекұлы мен өзге ұлт өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ауданымыздың өзге ұлт тұрғындарының өзара қарым-қатынасы, дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында, дінаралық татулықты сақтаудағы маңызы жоғары екендігін айтып басқа да қоғамдық мәселелер турасында әңгімені арқау етті.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар атаулы мерекемен бір-бірлерін құттықтап, осындай отырыстарды жыл сайын жоғарғы деңгейде ұйымдастырып атап өтуін сұрады.

Аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: