Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлы кезекті кездесуге қатысып, аудан орталығындағы «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледж студенттерімен жүздесіп қайтты. Найб имам жастарға қазақ халқының тарихымен тамырлас ислам дінінің бейбітшілік пен ынтымаққа, елді бірлікке ғана үндейтінін жеткізді. Сонымен қатар, ислам бейбітшілікпен бірге білімді болуға, ғылым меңгеруге шақыратынын айта келе, студенттерді оқуда озат болып, белгілі бір мамандық пен кәсіпті игеруге күш жұмсауға шақырды.
Соңғы кездері жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі теріс ағымдардан сақтану жолдары мен олардың басты ерекшеліктері жайлы толыққанды мәліметпен қамтыған имам уағызын білімгерлер қауымы ерекше ықыласпен қабылдады. Өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарға қанықты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі