Медресе шәкірттері кіші футболдың чемпионы атанды.

Медресе шәкірттері кіші футболдың чемпионы атанды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде – «Рухани келісім күніне» арналған діни бірлестіктер арасында спартакиада өткізілді.

Спартакиадада облыс көлеміндегі діни бірлестіктер жанынан құрылған командалар футбол, кір тасын көтеру, қол күрестіру, шахматтан және женіл атлетикадан жүлделі орындар үшін өзара бәсекелеске түсті.

Спартакиада қорытындысы бойынша кір тасын көтеруден жүлделі І орынды А.Аверкин («Источник жизни» діни бірлестігі), ІІ орынды Н.Бақытұлы («Һибатулла Тарази» медресесі), ІІІ орынды М.Голубев («Источник жизни» діни бірлестігі) иеленді.

Шахматтан І орынды Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешіті, ІІ орынды «Вефиль» Елуліктер Толық Інжілінің Христиан шіркеуі» діни бірлестігі, ал ІІІ орынды «Һибатулла Тарази» медресе шәкірттері иеленді.

Қол күресінен І орынды А.Өміркулов, ІІ орынды медресе шәкірті Т.Кондраченко, ІІІ орынды медресе шәкірті Қ.Есіркепов қанжығасына байлады.

Жеңіл атлетика бойынша І орынды Ж.Меделбек, ІІ орынды Л.Кан, ІІІ орынды – Е.Узбеков алды.

Спартакиаданың ең басты ойыны кіші футболдан өткен тартысты бәсекеде жүлделі І орын мен кубокты «Һибатулла Тарази» медресе шәкірттері командасы, ІІ орынды «Һибатулла Тарази» мешетінің жамағаты, ІІІ орынды Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешіті командалары місе тұтты.

Спартакиадаға қатысқан барлық спортшылар мен командалар арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырылған шараларға дән риза болған діни бірлестіктер жетекшілері облыстағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған спартакиада жарыстарын жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдыруды ұсынды.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: