Діни тұрақтылық – Тәуелсіздік тірегі

Діни тұрақтылық – Тәуелсіздік тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз инновациалық-гуманитарлық университетінде «Рухани келісім күні» аясында аталған тақырыпта конференция өтті.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері, университет ректоры Е.Саурықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыс бойынша хатшылығының меңгерушісі М.Қожаева және діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ өкілдері, оқу орнының студенттері қатысты.

Кездесуде баяндама жасаған тұлғалар қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы рухани келісімнің маңыздылығын студент жастарға түсіндіріп, «Рухани келісім күні» мерекесін атап өтудің маңыздылығын айтып өтті.

Облыстың бас имамы Данияр Әлимұхаммедұлы діннің қоғамдағы рөлі, ислам – бейбітшілік діні, жат ағыммен көресудегі имамдардың орны, сауаттылықты, біліктілікті дамытудың маңыздылығы, ұлтаралық келісім жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, «Рухани келісім» күніне арналған іс-шара спорттық сайыспен жалғасын тапты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: