Мамандырылған көпсалалы колледжінде болашақ төтенше жағдайларда құтқарушы болмақ айбынды жастармен сұхбат жүргізілді. Студенттермен тілдесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев барып қайтты.
Халықтың қауіпсіздігін ойлап, ел үшін қызмет етпекке әзір студенттер имамға өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Жастар ісімен айналысып жүрген, оларды мазалаған сұрақтарға қанық имам мысалдармен дәйекті де дәлелді жауабын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі