Тараз политехникалық колледжінде «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен Тараз қаласының әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін – қоғам ішіндегі рухани күш» тақырыбында дін өкілімен кездесу өтті.
Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев қатысты.
Жүздесуде діннің қоғамдағы ролі, руханият, жастар тәрбиесі, ұлттық сана мәселесі қозғалды. Имам жастарды мазалаған сұрақтарға мардымды жауаптар және оған түсініктеме беріп өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.