Тараз қаласы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмiнiң мемлекеттiк-әлеуметтiк тапсырысы бойынша «Жастарға ұлттық тәрбие беруге бағытталған кешендi ic-шаралар ұйымдастыру (оқу орындарындағы қыздар клубтарының жұмысын жандандыру)» жобасы аясында, "Асыл Арман" ұлттық дәстүр мен өнердi қолдау ҚБ" және ТарМПИ " Айша" тәлiм-тәрбие беру қыздар орталығымен бipлесе отырып "Отбасы және қызға құрмет" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жүргізілген жүздесуге облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Таңат Тілмамбетов арнайы шақыртумен қатысты.
Әйел затының исламдағы, қоғамымыздағы, қазақ санасындағы рөлі, отбасы құндылықтары мен оны берік ұстаудың қыр-сыры сөз болды. Студенттер имамға түрлі өзекті сауалдарын жолдап, ғибрат боларлықтай жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарзи» мешітінің баспасөз қызметі.